18 сәуір 2015 12:44

Батыс Қазақстан облысында жаңбырға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жаңбырға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығының БҚО филиалына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында жаңбырға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығының БҚО филиалына сілтеме жасап.

19-20 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысында батыстан соққан жел секундына 17 - 22 метрге, Оралда секундына 18 метрге дейін жетеді. Құтқарушылар жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында ауылдар арасында кешенді шаралар жүргізіп жатыр. 

Сонымен қатар, синоптиктердің хабарлауынша, жақын күндері Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын, тұман болып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Айта кетейік, ҚР Ішкі Істер Министрлігі ТЖ комитеті алдағы үш күнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Қостанайдың кейбір өзендерінде, Ақтөбедегі Орал өзенінде көктемгі су тасқыны жалғасуы мүмкін екенін хабарлады. Есіл, Қалқұтан, Жабай өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Қарағанды облысында күрделі гидрологиялық жағдай сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети