03 маусым 2022 06:30

Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Батыс Қазақстан облысында құтырған қасқыр шабуылынан кейін тұтас бір ауыл карантинге жабылды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы.


Батыс Қазақстан облысында құтырған қасқыр шабуылынан кейін тұтас бір ауыл карантинге жабылды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жыртқыш ит пен малға шапқан, кейін Шоқтыбай ауылының төрт тұрғынын тістеп алған. Ит-құстың бірнеше тұрғынға шабуыл жасағанын естіген ер адамдар жиналып, іздестіріп, көзін жойып сараптамаға жіберген.

Зардап шеккен ауыл тұрғындары құтырмаға қарсы екпе алуды жалғастырып жатыр. Қазір олармен байланыста болған тағы сегіз адам дәрігерлерге қаралып жатыр. Ауылдағы барлық мал екпе алды. Ветеринарлар ауылды дезинфекциялайды.

"Аса қауіпті ауру ошағының тіркелуіне байланысты ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне ауылдық округте тіркелген 3204 бас малды вакцинациялау үшін құтырмаға қарсы вакциналар беру жөнінде сұрау жіберілді, сондай-ақ дезинфекцияға арналған препарат сұралды", - деп мәлімдеді БҚО ветеринария басқармасының басшысы Балдай Сапарғали.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети