26 қаңтар 2016 12:06

Бауыржан Байбек Алматыдағы McDonald's құрылысы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Strategy2050.kz © Strategy2050.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Алатау" кинотеатрының орнында жүргізілетін McDonald's құрылысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Алатау" кинотеатрының орнында жүргізілетін McDonald's құрылысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде қаланың тарихи көрінісі туралы сұраққа жауап бере отырып ол мемлекеттің қорғауындағы нысандардың бар екенін жеткізді.

"Бірақ, сонымен қатар, Алматының сейсмикалық аймақта екені де белгілі. Яғни, бізге қауіпті көне ғмараттарды жаңасымен ауыстыру маңызды. Бұл процесті тоқтатуға болмайды. Шешім қабылдамас бұрын біз кинотеатрға барып көрдік. Ғимарат 20 жыл бос тұрды. Тұрғындар үшін мұның естелік екенін білеміз. Дегенмен инвестор келетінін білгенде ғимарат иесі де қатты қуанды", - деді Байбек.

"McDonald's компаниясы оны сатып алды. Мен фаст-фудты жақсы көрмесем де, көп адам оны сүйіп жейді. Қазір біз донер жеп жүрміз. Оның сапсының қандай екені белгілі, ал McDonald's - халықаралық бренд. Америкалық инвесторлардың көбі келген кезде "Мұнда McDonald's бар ма?" деп сұрайды. Олар бұл компанияның оңайлықпен шешім қабылдамайтынын біледі", - деді Алматы әкімі.

Ол шенеуніктердің қаланың тарихи маңыздылығын сақтауға ниетті екенін жеткізді.

"Дегенмен инвесторлардың қызығушылығын да ояту керек. Ал біз үшін құрылыстың жүргені маңызды. Себебі құрылыс барысында салық төленеді, жұмыс орындары ашылады. Мұның барлығы қала құрылысы кеңесінде талқыланады. Бұл шешім ұзақ уақыт бірден қабылданған жоқ. Сондықтан да, менің ойымша, Алматы біз жақсы көретін қалпында қалады, бірақ ол дами түседі", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, McDonald's-тың Қазақстанда ашылатыны 2014 жылы қарашада белгілі болды. Ол кезде франчайзерлікті атақты бизнесмен Қайрат Боранбаевтың алғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети