14 қараша 2016 15:21

Бауыржан Байбек: Алматыдағы Универсиада-2017 тарихтағы ең ірі шара болмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kursiv.kz © Kursiv.kz

Алматыдағы Универсиада тарихтағы ең ірі шара болмақ, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Үкімет отырысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыдағы Универсиада тарихтағы ең ірі шара болмақ, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Үкімет отырысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Универсиада ойындарын әлемнiң 80 елiнде 7 халықаралық арна көрсетедi. Олар 1 миллиардтан астам көрермендi қамтиды. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн 6,5 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкерiн тарту көзделiп отыр. Жергiлiктi бюджет есебiнен жарылыс затын анықтайтын 15 детектор сатып алынады. 4 мың қауiпсiздiк қызметкерiнiң тамағы қамтамасыз етiледi. Әуежайда орнатылатын 3 тепловизор алу және төртiншi, жетiншi қалалық ауруханалардың аумағында тiкұшақ алаңын жасақтау мәселесi шешiлдi. Қатысушыларды және көрермендердi тексеру үшiн 2 мобильдiк тексеру кешенi және 9 рентген құрылғы тартылады", - деп баяндады Алматы әкiмi.

Айта кетейiк, қазiргi уақытта қысқы универсиадаға тiркелген мемлекеттердiң саны 57-ге жеткен. Виза мәселесi дешешiлген. 57 мемлекеттiң 45-i Қазақстанға визасыз кiредi. Ал 4 мемлекет елшiлiктерде, 7 ел әуежайда виза алатын болады.

Қазіргі уақытта 227 мықты спортшы дайындалып жатыр, олардың 121-і жігіттер және 106-сы қыздар. Олармен 66 бекітілген маман жұмыс жасауда, олардың арасында жаттықтырушылар, дәрігерлер, массаж жасаушылар және т.б. бар.

Бұдан өзге, 2016 жылға арналған бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Универсиадаға дайындық аясында Алматы қаласында 5 тестілік жарыс өткізу көзделген.

Еске сала кетейік, Универсиада-2017 Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада жарыстарына 50-ден астам елдің 2000 спортшысы қатысады. Жарыстар 12 спорт түрі бойынша өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети