Бауыржан Байбек клиникаларды Оңтүстік Корея мен Израильге беруді ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бауыржан Байбек Бауыржан Байбек

Медициналық мекемелерді оңтүстіккореялық, израильдік және неміс ұйымдарына беріп жекешелендіруге болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кәсіпкерлердің жыл сайын өтетін III конференциясы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Медициналық мекемелерді оңтүстіккореялық, израильдік және неміс ұйымдарына беріп жекешелендіруге болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кәсіпкерлердің жыл сайын өтетін III конференциясы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім кейбір мәліметтерге сүйене отырып, алматылықтардың шетелде ем алуға 500 миллион доллар жұмсайтынын айтып өтті. "Бұл ақшаларды өзімізде қалай қалдыруға болады? Меніңше, біздің адамдардың көпшілігі Оңтүстік Кореяға, Израильге және Германияға барады. Себебі медициналық мекемелеріміз осы брендтерді қалайды. Сондықтан ақшаны біз баратын адамдарға беру керек. Немесе олардын осында келіп, сол қызмет түрлерін Қазақстанда көрсетуі үшін мамандармен келісу керек. Сонда науқастардың саны да көбейеді. Визаға, жолға, ұшаққа қанша ақша кетіп жатыр. Бізде ереже бойынша, адамдар ем алуға бір өзі бармайды (науқастармен бірге баратын адамдар - автор.)", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Байбек Мемлекет басшысының медициналық мекемелерді жекешелендіруді 2018 жылға дейін аяқтауды тапсырғанын айтты. "Біз өзіміз талдау жүргіздік. 2018 жылдың соңына дейін жекешелендіруді жүзеге асырмақшымыз. Мұқият әрекет етіп жатырмыз. Барлық механизмді қолданып көргіміз келеді. Мәселе тек бюджетке түсетін ақшада емес, мәселе біздің жаңа технологияларды енгізуімізде", - деді Бауыржан Байбек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer