Бауыржан Байбек: "Көк-Жайлауда" жекеменшік коттедждер салынбайды

21 Ақпан 2018, 11:52
0
Бауыржан Байбек: "Көк-Жайлауда" жекеменшік коттедждер салынбайды -

"Көк-Жайлау" курортында жекеменшік коттедждер салынбайды. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі тау шаңғысы туризмінің маңызы зор екенін айтып өтті. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек бүгінде сауданың интернетке өтуіне байланысты жұмыссыздықтың айтарлықтай қаупі бар екенін айтады,

"Қазіргі уақытта жастар сауда орталықтарында сауда жасамайды. Интернет арқылы шетелден алдырады. Сонда саудадағы адамдар енді немен айналысады? Олар тек туризмге бару керек. Осы орайда әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Халықтың 80 пайызы бізді қолдады. Бүгін осы жобаны талқылап, оны аяқтау мақсатында айтып отырмыз. Бірақ жобаның кемшіліктері көп болып жатса, жобаны жүзеге асырмаймыз", - деді қала әкімі.

"Тағы да айтып өтейін, жобада жекеменшік коттедждердің құрылысы жоспарланбаған. Осы жобаны дайындау кезінде Францияның белгісі компаниясын жұмылдырдық. Сондай-ақ, әлемнің 11 елінде 50 жоба дайындаған австриялық компания осы жобаға сараптама жасайды", - деді әкім.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай