“Баяндамаңыз жақсы, бірақ...“ Премьер кәсіпорындағы төтенше жағдайдан кейін “Қазмырыш“ басшысына ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Баяндамаңыз жақсы, бірақ...“ Премьер кәсіпорындағы төтенше жағдайдан кейін “Қазмырыш“ басшысына ескерту жасады Бейнеден алынған кадрлар

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында "Қазмырыш" ЖШС бас директоры Жанат Жанботинге ескерту жасады. Бүгін мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында "Қазмырыш" ЖШС бас директоры Жанат Жанботинге ескерту жасады. Бүгін мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баяндама барысында Жанботин кәсіпорында болған және салдарынан үш адам қаза тапқан жазатайым оқиға туралы айтып берді.

"5 мамырда Өскемендегі мырыш зауытының электролиз цехында түтін тартқышты іске қосу кезінде жарылыс болып, арты өртке және ғимарат конструкциясының жартылай құлауына әкелді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл біз үшін орны толмас қаза. "Қазмырыш" үшін бұл жайттың себебін барынша егжей-тегжейлі анықтаудың маңызы зор. Біз мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуге міндеттіміз.

2023 жылдан бері компанияда өлім-жітім жағдайлары болған жоқ. Еңбекті қорғауға орта есеппен 27 миллиард теңгеден аса инвестиция салынады", - деп баяндады "Қазмырыш" бас директоры.

Алайда премьер бұл қайғылы оқиға оң статистикаға күмән келтіретінін айтты.

"Баяндамаңыз жақсы, бірақ мамырдағы жағдай сөздеріңізді жоққа шығарады. Сондықтан қосымша белсенді шаралар қабылдау қажет", – деді Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Востокцветмет" және "Қазмырыш" нысандарындағы ірі апаттардың алдын ала себептерін жариялаған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.56   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +25
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +14
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +27
П
Павлодар +20
Петропавл +35
С
Семей +33
Т
Талдықорған +30
Тараз +34
Түркістан +17
О
Орал +30
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер