Байбек Nur Otan-да партиялық "тазарту" жұмысын жүргізу керектігін айтты

05 Шілде, 08:28
0
Байбек Nur Otan-да партиялық "тазарту" жұмысын жүргізу керектігін айтты -

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия қызметкерлерінің жұмысын қайта қарау керек деп санайды. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Байбек Nur Otan-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен партияға көптеген арыз-шағым келіп түскенін хабарлады. 

"Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық Бюросында қарап, Н.Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін. Халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі "тазалау" жұмыстарын жүргізу қажет", - дейді ол. 

Еске салсақ, Бауыржан Байбек 29 маусымда Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Мұның алдында ол Алматы әкімі болған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай