Байбек Алматы көшелеріндегі қозғалыс жылдамдығының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автокөлік жолындағы жылдамдық режимі өзгеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автокөлік жолындағы жылдамдық режимі өзгеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-әкім Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасу кезінде әлеуметтік желілердегі талқылауларды көріп отырғанын айтады.

"Менде Twitter және Instagram желілерінде парақшаларым бар, Facebook-ты да оқып отырамын. Кез келген мәселеге түрлі пікірлер айтылады. Әсіресе, ол мәселе адам өмірі мен денсаулығына қатысты болса. Сіздер Алматының адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы саны жөнінен тек Қазақстан бойынша емес, әлем бойынша да көш бастап тұрғанын білесіздер ме? Бұл Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстанның рейтингін түсіреді", - дейді Байбек.

"Жылдамдықты азайту жол қауіпсіздігі тиімділігін арттыруға бағытталған басты алты қадамның бірі. Біз кез келген шешім қабылдаған кезде әлемдік тәжірибеге, заманауи трендтерге сүйенетінбіз. Қауіпсіздік - "Алматы 2020" бағдарламасының басты бағыты. Швецияның тәжірибесіне сүйене отырып, Vision Zero жүйесін енгізе бастадық".

"Nur Otan партиясына ауысқаныма екі ай уақыт болып қалды. Бүгінде Алматыны әріптесім Бақытжан Сағынтаев басқарып отыр. Шешімді қабылдайтын да сол, сол аумақ үшін жауап беретін де өзі. Қоғамдық кеңес бар, мәслихат бар. Мұнда қандай да бір ақыл-кеңес беру артық болар деп ойлаймын", - деді Бауыржан Байбек. 

Еске салайық, кеше Әл-Фараби мен тағы екі көшеге сағатына 80 жылдамдық режимі қайтарылатыны хабарланған еді. "Осыған байланысты әкімдік әлеуметтің жоғары сұранысын назарға ала отырып, әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автокөлік жолына сағатына рұқсат етілген 80 шақырым жылдамдықты қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл осы көшелердің бірегей айналма жолына байланысты міндеттеріне сай келеді", - делінген Алматы әкімдігінің баспасөз релизінде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer