06 желтоқсан 2018 16:07

Байбек "Алпамыс батыр" жырын оқыды: Желіде видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Тұлпар мініп, ту алған" флешмобына қатысып, "Алпамыс батыр" жырынан үзінді оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Facebook желісінде пайда болды. 


Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Тұлпар мініп, ту алған" флешмобына қатысып, "Алпамыс батыр" жырынан үзінді оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Facebook желісінде пайда болды. 

"Мен осы эстафетаны ҚР Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан қабыл алдым. Эстафетаны танымал режиссер Ақан Сатаев, белгілі боксшы Қанат Исламға және талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын", - деді Бауыржан Байбек. 

Айта кетейік, акцияны бұрындары мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, "Қазақстан" телеарнасының төрағасы Ерлан Карин, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және басқалары қолдаған еді. 

"Тұлпар мініп, ту алған" жобасы тамыз айының соңында басталып, Жаңа жылға дейін созылады. Жобаның мақсаты - оқушылар арасында эпос жырларын оқуға ынтасын ашу. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети