Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Байқоңыр мазут тапшылығынан ыстық суды шектеуге кірісті

12 Сәуір 2014, 11:01
0
Фото meteocenter.net
Фото meteocenter.net

Байқоңыр қаласында мазут тапшылығынан 10 сәуірден бастап тұтынушыларға ыстық су беру шектелді,- деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

Шектеуді енгізудің басты себебін Байқоңырдағы әкімшілік Ресей мен Қазақстан арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға қатысты келісімнің аяқталғанымен түсіндіріп отыр. "Екі ел арасындағы 2010 жылдың 9 желтоқсанында жасалған келісім 2013 жылдың 24 желтоқсанына дейін болғандықтан, 2014 жылдың 1 қаңтарында Байқоңырға Ресейден мазут тасымалдау мерзімі аяқталды" дейді ақпаратты таратушылар.
Қазір жергілікті әкімдік Қазақстан аумағына мазут тасымалдайтын өзге де жеткізушілермен келісімдер түрін қарастырып жатыр. Әрине, бұған белгілі бір уақыт керек.

Бұған қатысты "Байқоңырэнерго" Байқоңырға 139 мың тонна мазут жеткізуге тиісті 12-ге жуық келісімшарт түрін жасасуда.

Таяу арада Павлодар мен Шымкенттен мазут өнімі жеткізіледі деп күтілуде.
Бірақ келісімдердің белгілі бір бөліктері әлі толыққанды аяқталған жоқ. Сондықтан ыстық су беруді үнемдеу қажеттілігі туындап отыр.
Дегенмен қала әкімшілігі "Байқоңырэнергоға"  жеткілікті мазут көлемі тасымалданған бетте ыстық суды пайдаланушыларды толық қамти бастаймыз,-деп сендіруде.
Айта кету керек, бұдан бұрын да белгілі болғандай Байқоңырда мазуттың жетіспеушілігінен 20 наурыз күні бірқатар балабақшалар мен, денсаулық сақтау нысандары жылудан ажыратылған болатын. Ол кездері қалада түнгі ауа-райы +10-ды көрсетіп тұрған.

Жалпы, еліміздің Байқоңыр аумағы Ресей тарапының жалға алған кешені. Байқоңыр – Қазақстанның  ірі космос айлағы ретінде  Ресейге 115 млрд долларға 2050 жылға берілген. Байқоңырдағы тұрғындардың саны 73 мың адамды құрайды. Оның 60 пайызы қазақстандықтар, 37 пайызы ресейліктер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай