Байқоңырда әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды

02 Шілде 2018, 09:17
0
Байқоңырда әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлеріне ақпараттың жайылып кетпеуін алдын алу мақсатында жұмыс кезінде компьютермен және жеке гаджеттермен әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынды. Бұл туралы ғарыш айлағының директоры Евгений Раковскийдің бұйрығында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қызметтік ақпараттардың жайылып кетпеуін алдын алу мақсатында және еңбек тәртібін нығайту мақсатында филиал қызметкерлеріне жұмыс кезінде ұялы телефондарды, әлеуметтік желілердегі сайттарды және мәтіндік хабарламалармен алмасу жүйелеріне кіруге тыйым салынады", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, бұйрықта кіруге тыйым салынған сайттар мен мессенджерлердің атауы көрсетілген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай