29 қыркүйек 2021 15:53

Байзақ ауданындағы ТЖ: қайтыс болғандардың қарызы кешіріледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысының әкімдігімен, банктермен және басқа да қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ аймағындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының қарыз жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті билік басқа да қолдау шараларын қабылдаған.

"Біздің банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жұмысымыз өз нәтижесін берді. Төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған қарыз алушылар мен олардың отбасыларының қарыздарын толығымен жою туралы бірыңғай шешім қабылданды. Бүгінгі күнге дейін 47 несие толық көлемде кешірілді", - деді Бердібек Машбекұлы.

Ecке салайық, 26 тамызда Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінің аумағында болған өрт пен жарылыстан 17 азамат қайтыс болды. Бір адам хабарсыз кетті. Қаза тапқандардың арасында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, прокурорлар мен әскери қызметкерлер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети