01 желтоқсан 2022 13:16

Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші артып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз қаласының іргесінде орналасқан Байзақ ауданындағы 18 ауылдық округке қарасты 43 елді мекенде 111103 халық тұрады. Аудан негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Аудандағы мал басының өз төлі есебінен көбеюі мен егін саласындағы қол жеткізген жетістіктердің арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жыл өткен сайын артып келеді. Ал бұған аудандағы Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаға енген Түймекент, Қостөбе, Үлгілі ауылдық округі халқының да қосып отырған үлесі мол.


Тараз қаласының іргесінде орналасқан Байзақ ауданындағы 18 ауылдық округке қарасты 43 елді мекенде 111103 халық тұрады. Аудан негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Аудандағы мал басының өз төлі есебінен көбеюі мен егін саласындағы қол жеткізген жетістіктердің арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жыл өткен сайын артып келеді. Ал бұған аудандағы Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаға енген Түймекент, Қостөбе, Үлгілі ауылдық округі халқының да қосып отырған үлесі мол.

Ауданда биылғы жылдың 9 айында өнеркәсіп кәсіпорындарында 5429,4 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 49,9 млрд. теңгені құрады. Ал бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрағанын көрсетеді.

Аудан бойынша мүйізді ірі қара 54792, қой-ешкі 340273, жылқы 19768, түйе 1079, шошқа 1585, үй құстары 922728 басқа жетті. Сондай-ақ тірі салмақта 14,7 мың тонна ет, 36,7 мың тонна сүт, 10,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мал басының өсуінде де, мал өнімдерін өндіруде де өсім бар.

Ауданда 8605 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелсе, олардың 7330-ы жұмыс істеп тұр. Бұлардың 3877-і дара кәсіпкерлер, 3014-і шаруа қожалықтары да, 438-ы шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар. Биылғы жылдың 10 айында бөлшек сауда айналымының көлемі 13718,3 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,4 % құрады. Осы жерде биылғы жылы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 1905,9 млн. теңгеге 125 жоба (Пайыздық ставкаларды субсидиялау-60, банк несиелері бойынша кепілдік беру-65 ) қаржыландырылғанын да айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасының "2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымыздан 58,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба индустриалды картаға енгізіліп, өткен жылы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба ("Алель Агро", АҚ Көктал құс фабрикасы, "Kazstonebox" ЖШС, "Cirad foods premium" АӨК, ЖК "Жабатаева Л.К", ЖК "Мухиев Е") іске асырылды. 2022-2025 жылдар аралығында аудан бойынша 56,3 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Осы жобалар аясында 880 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі тиісті кезеңде 21579,8 млн. теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 118,6%-ды құрады. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4 млрд. теңге болып отыр. Аудан бойынша биылғы жылы 27 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Аудан бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 12226 азамат жер кезегіне тіркелген. 2020-2021 жылдары 300-ге жуық азамат инфрақұрылымы жүргізілген жер телімімен қамтамасыз етілсе, биылғы жылы 260 азаматқа жер телімін беру жоспарланған.

Аудандағы маңызы бар жолдар 132,07 шақырымды құраса, олардың ішіндегі Сарыкемер-Мырзатай, Жібек жолы-Жақаш-Көкөзек, Шахан ауылына кіре беріс жолдар жөндеуді қажет етеді. Қалған 99,92 шақырым жол жақсы жағдайда. Ал елді-мекен көшелеріндегі 421,1 шақырым жолдың 130,5 шақырымы жөнделуі қажет. Биылғы жылы аудандық маңызы бар жолдың 96, ал елді мекен көшелерінің 92,3 пайыз жолдары жөнделуде.

Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған. Аудандағы 43 елді мекеннің 42-де газ бар. Ал соңғы Төрткөл ауылына газ құбырлары жүргізілуде.

Аудандағы 43 елді мекеннің 30-ы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, олардың 27-не "Байзақ су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, ал 3 елді мекенге "Темір жол су" ЖШС-і қызмет көрсетеді. Биылғы жылы республикалық, облыстық бюджеттерден тиісті қаражаттар бөлініп, 8 елді мекенде ауыз судың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. аудандағы Төрткөл, Қайнар, Жаңасаз тәрізді халқы аз елді мекендерге суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жоспарланып отыр.

"Ауыл - ел бесігі", "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері", "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламаларының орындалуына да баса мән беріп келеміз. Мәселен, "Ауыл - ел бесігі" жобасы бойынша 20 нысанға 2,1 млрд. теңгенің жұмыстары атқарылуда. Оның ішінде білім нысандарына жанама құрылыс және газдандыруға (3 жоба) 229,7 млн. теңге, денсаулық сақтау саласы нысандары құрылысына (4 жоба) 547,5 млн. теңге, мәдениет саласы бойынша (2 жоба) 227,1 млн. теңге, 38,4 шақырым жолдарды жөндеуге (11 жоба) 1,1 млрд. теңге қарастырылған.

"Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде 5,2 млрд. теңгеге 10 елді мекенді сумен қамту және 5 жоба инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2 елді мекен көшелері мен 1 автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 1 емхана құрлысы, 2 мектеп, 1 полиция пункті ЖСҚ-ын әзірлеуге (15 жоба) және 1 жоба газбен қамтуға 6,2 млрд теңге қарастырылды.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жас мамандарға 2010-2021 жылдары тұрғын үй сатып алуға, салуға 121 маманға 410302,5 мың теңге несие және 236 маманға 43677,1 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. Олардың арасында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешені салаларының мамандары бар. Ал биылғы жылы 20 маманға 6126,0 мың теңге көтерме жәрдемақы қарастырылып, оған 3 денсаулық сақтау, 13 білім беру, 4 мәдениет саласының мамандары қол жеткізді. Ал тұрғын үй сатып алу үшін 12 маманға (9 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 мәдениет) 55134,0 мың теңге берілді.

Ауданда 7960 адам жұмыспен қамту туралы өтініш білдірсе, олардың 3379-ы жұмыспен қамтылды.

2022 жылға білім беру саласына 20,7 млрд. теңге бөлінсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға артқанын көрсетеді. 2021 жылғы қыркүйектегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес ауданда 13 мектеп салу және қосымша құрылыс 3 мектепке жүргізу жоспарланған. Бүгінде Бурыл, Шахан,Үлгілі, Ақбозов мектептерінде жүргізілген құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы мектептер мен балабақшаларға 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылған. Аудандағы Н.Киікбаев мектеп-гимназиясына турникет орнатылған. Биылғы жылы осындай турникет тағы 8 мектепке орнату үшін 100 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Аудандағы 6 қосымша білім беру мекемесіне 6575 бала қамтылған. Сондай-ақ білім беретін мектептердегі спорт секцияларына 14817 оқушы қатысуда. Қосымша білім беру ұйымдары жанындағы IT сыныптарында 720 оқушы білім алуда.

Аудандағы мәдениет, спорт саласында да жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Аудан өнерпаздары облыстық байқауларда жүлде алып жүрсе, айтыскер ақындарымыз аудандық, облыстық айтыстардан жүлдемен оралуда. Спортшыларымызда облыс, республика, Азия әлемдік жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүргенін әрдайым мақтан етеміз.

Дамудың даңғыл жолына түскен ауданымыз алдағы жылдары да ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын жақсарта беретін болады.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети