24 қаңтар 2020 14:51

Bek Air жолаушыларға ақшаны қайтаруға міндетті - Скляр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air жолаушыларына билеттің ақшасын қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air жолаушыларына билеттің ақшасын қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

"Компания ақшаны қайтаруға міндетті, бұл азаматтық-құқықтық қарым-қатынас. Сондықтан таяуда компания ақшаны қайтаруы қажет. Олар бұл мәселені шешуі керек - қандай да бір мүлік сатса да немесе басқа әдістермен болсын... Несие алса да, билеттердің ақшасын қайтаруы керек", - деді Скляр.

Bek Air ұшағы апаты: Тоқаев зардап шеккендердің шағымын айтты

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапқан еді. Артынша, апаттан зардап шеккендер өтемақы ала алмай жүргендерін мәлімдеген еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети