1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бекшин қонақүйде 150 адамға дейін банкет өткізуге "рұқсат беру" туралы құжатын түсіндірді 27 қараша 2020, 15:41

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қонақүйде 150 адамға арналған іс-шара өткізуге рұқсат беруге қатысты түсінік берді,

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қонақүйде 150 адамға арналған іс-шара өткізуге рұқсат беруге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желілерде Бекшиннің қаладағы қонақүйлердің біріне 150 адамға дейін іс-шара өткізуге рұқсат бергені туралы құжат тараған еді. Желі қолданушылары бас санитар дәрігердің бұл қаулысына наразылық білдірген болатын.

"Бұл жерде банкетке емес, қызметкерлерді оқытуға рұқсат берілді. Олар қазір ұзақ уақыт үзілістен кейін қайтадан қызметкерлер алып жатыр. Бірақ қонақүй басшылығы тарапынан қате жіберілді, бұл тек бірреттік іс-шара екені көрсетілмеді. (...)

Олар қауіпсіздік шараларын жүргізді, ауа рециркуляторларын орнатты, ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар қойды.

Осы шаралардың барлығына шамамен бір миллион доллар жұмсалды. Сондықтан біз өз қызметкерлерімізді құрметтеп, оқыту бойынша бірреттік іс-шараға рұқсат бердік. Бұл 900 адамға арналған зал, біз 150 адамға рұқсат бердік", - деп түсіндірді Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!