19 қыркүйек 2019 11:49

Белгілі айтыскердің екінші баласы дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал айтыскер Сырым Әуезханның екінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Танымал айтыскер Сырым Әуезханның екінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Ал, сүйінші! Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын! Алланың берген нығметтері туралы айтқан қандай керемет, екінші мәрте ұлды боп жатырмыз! Баламның түрі, шамамен, менікіндей)) Дұға жасап қоярсыздар", - деп сүйіншіледі Сырым Әуезхан Instagram желісіндегі парақшасында.  

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев әріптесінің қуанышымен құттықтап, мынадай тілек айтты: "Ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін бір ақын бауырым бар. Беті менікінен бес есе кіші болғанымен танауы үңгірдей, ауызы апандай десем ренжіп қалар, тістері маржандай тізілген, көздері гауһардай сүзілген дейін десем "таза жалған", "соға бер" деген коменттер жазылып кетер. Оқушы кезінде Елбасына гит болып, сөзден тосқан, батасын алған, студент кезінде чегінен шатасқаны үшін Жүрсін ағасы тегін танытқан, Жандарбекке ілесем деп таңы айырылған, "Қазайтысқа" ауысам деп, Одақтан тағы айрылған, Расулалланың соңына ерген, "Асыларнаның" жолымен жүрген "Сырымды Сырым десем кім білмейді?" Сол Сырым тақуа болып жүрген кезінде қолына бақыт құсы - Аққуды қондырған. Сол Аққу келініміз бүгін жұманың кешінде Сырымнан айнымайтын екінші сәбиді дүниеге әкелген екен! Алланың берген Сыйы құтты болсын, бауырым! Сен сол Сыйды Берушіге шүкір етушілерден бол! Анасын қажылыққа апарып келген, қазақтың ертеңі, ұлттың болашағы үшін деп сапарға шықса ұйқыға басқан, айтыс үшін тер төккен, аузынан өлеңі сілекейше шұбырған, Сырымжан! АллаТағалам қуанышыңды еселесін! Сүйіншіңе не берейін? Көрімдіктің ақшасына Чайна Голдқа апарайын ба? Каспи Голдқа қотарайын ба?
Құрметті, достар! Құттықтауларыңыз болса осы жерге де, өз парақшасына да қалдыруға болады. Алла баршамызға өз қасынан ізгі ұрпақтар сыйласын!". 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін бір ақын бауырым бар. Беті менікінен бес есе кіші болғанымен танауы үңгірдей, ауызы апандай десем ренжіп қалар, тістері маржандай тізілген, көздері гауһардай сүзілген дейін десем "таза жалған", "соға бер" деген коменттер жазылып кетер. ???????????? Оқушы кезінде Елбасына гит болып, сөзден тосқан, батасын алған, студент кезінде чегінен шатасқаны үшін Жүрсін ағасы тегін танытқан, Жандарбекке ілесем деп таңы айырылған, "Қазайтысқа" ауысам деп, Одақтан тағы айрылған, Расулалланың соңына ерген, "Асыларнаның" жолымен жүрген "Сырымды Сырым десем кім білмейді?" Сол Сырым тақуа болып жүрген кезінде қолына бақыт құсы - Аққуды қондырған. Сол Аққу келініміз бүгін жұманың кешінде Сырымнан айнымайтын екінші сәбиді дүниеге әкелген екен! Алланың берген Сыйы құтты болсын, бауырым! Сен сол Сыйды Берушіге шүкір етушілерден бол! Анасын қажылыққа апарып келген, қазақтың ертеңі, ұлттың болашағы үшін деп сапарға шықса ұйқыға басқан, айтыс үшін тер төккен, аузынан өлеңі сілекейше шұбырған, Сырымжан! АллаТағалам қуанышыңды еселесін! Сүйіншіңе не берейін? Көрімдіктің ақшасына Чайна Голдқа апарайын ба? Каспи Голдқа қотарайын ба? Құрметті, достар! Құттықтауларыңыз болса осы жерге де, өз парақшасына да қалдыруға болады. Алла баршамызға өз қасынан ізгі ұрпақтар сыйласын! @syrym_auyezkhan @syrym_auyezkhan @syrym_auyezkhan Жұмадағы дұға: Дейтін ауыздар көбейсе де, жейтін жауыздар көбеймесін! ????????????

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Жас ақын Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында 1994 жылы дүниеге келген. Кезінде анасы Әлия Әбдірахманқызы құндақтағы екі айлық Сырымын алып, Алматыға көшіп кетеді. Кейін Елордаға қоныс аударады. Арада он жеті жыл өтті. Сырым анасымен бірге Астана қаласында тұрып жатыр. Ол үш жасынан ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, домбыра тартуды да бала күнінен үйренген. Жаяу Мұсаның "Ақ сиса" әнін айтып көзге түседі. Ерте есейген балақай жыр әлеміне де ерте келді. Өлеңді мәнерлеп оқумен қатар, өзі де жазды. Жыр мүшәйраларына қатысып, талай мәрте жүлдегер атанған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети