13 желтоқсан 2020 13:36

Белгілі хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды. Бұл туралы дәрігердің әріптестері естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды. Бұл туралы дәрігердің әріптестері естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 63 жасында, ұзақ аурудан мезгілсіз С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің балалар хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Ормантаев Алмас Камалұлы дүниеден өтті! Марқұмның отбасына көңіл білдіреміз", - деп жазған хирург Асылжан Ерекешов Facebook-те.

Алмас Ормантаев академик Камал Ормантаевтың ізбасары, көбі оның әкесін Қазақстанда балалар хирургиясының негізін қалаған адам ретінде біледі.

Алмас Ормантаев медицина ғылымының докторы, жоғары мамандану категориясы бар дәрігер, 1982 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтын аяқтағаннан кейін Мәскеу қаласында Педиатрия ғылыми зерттеу институтында балалар хирургиясынан клиникалық ординатурада оқыған. 1987 жылы сол жерде аспирантураға қалдырылып, кандидаттық диссертация қорғаған.

Ол Алматы қаласының №1 клиникалық балалар ауруханасында базаланған Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының балалар хирургиясы мен балалар анестезиологиясы-реаниматологиясы кафедрасында алдымен ассистент болып, кейіннен доцент қызметін атқарған. Ұзақ уақыт №1 ҚКБА қабылдау бөлімінде жауапты хирург болып жұмыс істеген.

Үнемі санавиациямен Қазақстанның түрлі аудандарына барып отырған. 1992-1994 жылдар аралығында балалар хирургиясы мен педиатрия Ғылыми орталығының (БХ мен ПҒО) балалар хирургиясы бөлімінде аға ғылыми қызметкері жұмысын атқарған.

Балалар хирургиясынан докторантураны (Мәскеуде) аяқтағаннан кейін, балалар хирургиясы мен педиатрия ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2000-2004 жылдар арасында БХ мен ПҒО ғылыми-клиникалық жұмыс бойынша директор орынбасары болып жұмыс істеді.

2009-2013 жылдары Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында балалар хирургиясы мен педиатрия бойынша директор орынбасары болды. 2013 жылдан бастап С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі. Балалар хирургиясынан мамандануды Австрия, Грац қаласындағы медициналық университеттің клиникасында өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети