19 шілде 2021 09:46

Бердібек Сапарбаев: "Қазір арқаны кеңге салып жүрсек, қыста зардабын тартамыз"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жем-шөп дайындау, егістікті сумен қамтуға қатысты нақты міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына барып, бірқатар жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жем-шөп дайындау, егістікті сумен қамтуға қатысты нақты міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына барып, бірқатар жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы алдымен Бетқайнар ауылдық округінде орналасқан "Алмаз" шаруа қожалығының  қоймаларын аралап көрді. Биыл 200 гектарға күздік бидай, 200 гектарға дәндік жүгері, 50 гектарға жаздық арпа және 40 гектарға пияз еккенін айтқан қожалық басшысы Жұмабек Әшкенұлы бірнеше жылдан бері көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймалар салып жатқанын баяндады.

"Қазіргі таңда 4 қоймамыз бар. Алдағы уақытта әр жыл сайын бір қоймадан салып, жалпы санын онға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - дейді Жұмабек Әшкенұлы.

Шаруа қожалықта 15 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бүгінде аудан бойынша көкөніс сақтайтын, жалпы сыйымдылығы 40300 тоннаны құрайтын 32 қойма бар. Аймақ басшысы аудандағы қоймалардың санын арттырып, олардың сыйымдылығын 100 мың тоннаға дейін жеткізуді тапсырды. Бұл өз кезегінде азық-түлік бағасының тұрақтандыруда да айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Айта кетейік, қазіргі таңда жалпы Жамбыл облысы бойынша 233 көкөніс қоймасы бар десек, онда 243,4 мың тонна өнім сақтауға болады.

Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев Степное ауылдық округіне барып, жоңышқа, жүгері алқабын аралады. Ауылдық округте қазір жиын-терін науқаны қыза түсіп, қысқы мал азығын қамдау жұмыстары қарқынды жүруде. Ауылдық округ әкімі Жүсіпбек Спанов  шаруашылықтардың егістік алқаптарының басынан тайланған шөптің бір түгі 1300-1500 теңгенің көлемінде сатылып жатқанын айтты.

"Қазірден қамданбасаңыздар, қыста зардабын өздеріңіз тартасыздар. Сондықтан арық-атыздардың, өзен-көлдердің жағасындағы шөптің барлығын орып алыңыздар. Одан кейін егіс алқаптарындағы масақтарды да ұқыптап жинап алу керек", - деді Сапарбаев.

Ал аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділет Қаспақбаевтың сөзіне сүйенсек, мал қыстауын қалыпты өткізу үшін жалпы аудан бойынша 471000 тонна шөп дайындау қажет. Қазіргі таңда оның 70 пайызы дайындалып үлгерген.

Облыс әкімінің ауданға жұмыс сапары Қырғыз Республикасының Чу облысы, Иссык Ата ауданында орналасқан "Чумыш" су торабында жалғасты. Облыс әкімі вегетациялық кезеңде су тапшылығын туындатпау аса маңызды екенін баса айтып, сол бойынша аудан әкіміне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ аймақ басшысы Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне арналған көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты. Қазір мұнда әрқайсысы 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр үйге келісімшарт бойынша 833,1 миллион теңгеден қарастырылған. "Агроспецстрой" ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Серікбаев екі айда құрылыс жұмыстары толық аяқталатынын айтты.

Жұмыс сапарын Бердібек Сапарбаев қалашықтағы Биофармацевтикалық зауытта түйіндеді. Зауытта штаб отырысын өткізіп, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтының директоры Күнсұлу Закария, басқарма басшылары, мердігерлер, шетелдік эксперттер (Украина, Италия, Чехия, Германия, Қытай) атқарылған жұмыстарды баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған Жол картасындағы тапсырмаларды мерзімінде орындау туралы ескертпелер айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети