17 тамыз 2016 07:54

Бердібек Сапарбаевтың жалақысы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысы қанша екенін айтты, - деп жазады "Диапазон".


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысы қанша екенін айтты, - деп жазады "Диапазон".

Жалғасы

Аймақ басшысының ай сайынғы алатын жалақысы 863 мың теңге екен. Ақтөбе облысы басшылығы ай сайын жалпы 3 миллион 300 мың теңге алады. Бұл сомаға әкімнің жалақысымен қатар бес орынбасарының жалақылары кіреді. Атап айтар болсақ, Ғали Ысқалиев - 461 000 теңге, Жаңабай Бексары - 503 000 теңге, Асқар Биахметов - 507 000 теңге, Асқар Шериязданов - 511 000 теңге және Мұхтар Жұмағазиев - 518 000 теңге.

Ал Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Ыспанбетов 451 000 теңге жалақы алады. Оның орынбасарларының жалақысы бұған қарағанда аздау: Жандос Байырханов - 194 000, Қуантқан Әлімов - 203 000, Нағымжан Алдияров - 194 000, Мадияр Қабыл - 199 000 теңге. Ақтөбе әкімі аппаратының жетекшісі Қайрат Райымқұлов болса 161 мың теңге жалақы алады. Қала басшысы мен оның орынбасарларының және аппарат жетекшісінің жалақыларын қосқанда ай сайын бір миллион 402 мың теңге шығып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети