Березовка ауылының тұрғындары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, өздерін қауіпсіз жерге көшірулерін өтініпті. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының Мемлекет басшысынан көмек сұрағандары жайында Уральская неделя хабарлады.
Березовка ауылының тұрғындары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, өздерін қауіпсіз жерге көшірулерін өтініпті. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының Мемлекет басшысынан көмек сұрағандары жайында Уральская неделя хабарлады.
Хатқа ауыл тұрғындары өздерінің және балаларының өмірі мен денсаулықтарына қауіптенетіндіктерін жазған. Бірнеше адам қол қойған хатта "барлық ауыл тұрғындарын Қарашығанақ кен орнының санитарлық қорғау аймағынан көшірмесе болмайды"делінген.
Айта кетейік, хатқа қол қойылып жатқан кезде ауылға облыс әкімі Н.Ноғаев келген екен. Ол жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп, орын алған төтенше жағдайды егжейлі-тегжейлі тексеру үшін арнайы жедел штабы құрылғанын мәлімдеді.
Естеріңізге салсақ, Березовка елді мекенінде мектеп жасындағы балалар бірінен кейін бірі естерінен тана бастаған. 28 қараша күні жергілікті ауруханаға, негізінен, 11 мен 16 жастағы 20 бала мен үш мұғалім жеткізілді. Олардың басы айналып, денесі құрысқан. Дәрігерлер "зорығу" деген алдын ала диагноз қойды. Мамандар "баллоншадан шашылған газдан улану" деген диагнозды да қарастырып жатыр.
Ал тұрғындар бұл оқиғаға кен орнының қатысы барына сенімді, яғни "мұның барлығы экологияның зардабы" деп санайды олар. Тұрғындардың сөзіне сенсек, соңғы бірнеше күн бойы Қарашығанақ кен орны жақтан қолқаны қабатын сасық иіс шығатын болған.
Бүгінгі күні Березовкада 400 үй, 1500 тұрғын бар.