Берлинді алуға қатысқан ардагер Түркістан облысында тұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ 24.kz ©️ 24.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қарабау ауылында Берлинді алу операциясына қатысқан 99 жастағы соғыс ардагері – Анарбай Мырзахметов тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қарабау ауылында Берлинді алу операциясына қатысқан 99 жастағы соғыс ардагері – Анарбай Мырзахметов тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Майдангер ескі суреттер мен хаттарды ұқыппен ақтарып, соғыс жылдарын, жауынгерлік жолдастарын еске алды. Анарбай Мырзахметов соғыс басталғанда небәрі 15 жаста болған. Үш жыл бойы күн-түн демей тылда еңбек еткен. 1944 жылы жігіт әскерге шақырылды.

"Алдымен Семейде бір айлық дайындық курсынан өттім. Кейін алғы шепке жіберілдім. Варшаваны азат етуге қатыстым. Одан кейін Магдебург пен Берлин сияқты қалаларды алу үшін жасалған шабуыл операцияларына қатыстым. Жеңісті Берлинде қарсы алдым", – дейді соғыс ардагері.

Анарбай Мырзахметов туған ауылына тек 1950 жылы оралған. Мұнда ол халық шаруашылығын қалпына келтіруге атсалысып, мал шаруашылығымен айналысқан. Жұбайы Шамен екеуі он бала өсіріп, тәрбиелеген.

"Анарбай өте қатал және әділ адам. Бірақ ол әрқашан елге ашық, ақкөңіл. Оның тәрбиесінің арқасында балаларымыз өмірден өз орындарын тапты", – дейді ардагердің жары Шамен Мырзахметова.

Бүгінде Анарбай ақсақал – үлкен және тату отбасының тірегі. Оның 47 немересі, 93 шөбересі, 2 шөпшегі бар. Ардагер ұзақ жасауының сырын еңбекқорлық пен салауатты өмір салтымен байланыстырады.

Жалпы, Түркістан облысынан майданға 140 мың адам аттанған. Оның тек жартысы ғана елге оралды. Түркістандықтардың арасында 51 Кеңес Одағының Батыры және бір "Халық Қаһарманы" атағын алған азамат бар. Қазіргі уақытта Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғыстың сегіз ардагері өмір сүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer