19 шілде 2021 16:45

"Бейбіт күнде жақындарымызды жоғалтуға болмайды" - Тоқаев үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды өз денсаулығын күтуге, туған-туыс пен отбасының амандығын ойлауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды өз денсаулығын күтуге, туған-туыс пен отбасының амандығын ойлауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

"Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды", - деді Президент.

Мемлекет басшысы вирустың "ең қымбат" жандарға зардабы тиетінін атап өтті.

"Бұл күресте біздің аға буын зардап шегеді, бірақ балалардың ауыратыны өте жаман.

Өзіңізді және жақындарыңызды осы қауіптен қорғаудың жалғыз жолы - вакцинация. Әлемдік медицина әлі басқа әдіс ұсынған жоқ, жақын болашақта ұсынуы да екіталай. Вакцина - өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі. Балаларымыз біздің қателік үшін зардап шекпеуі тиіс! Бейбіт күнде жақындарымызды жоғалтуға болмайды.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс", - деді Президент.  

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети