20 қазан 2021 13:47

БҒМ-де "Игра в кальмара" сериалының қазақстандық оқушыларға әсері туралы айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Игра в кальмара" сериалынан алынған кадр "Игра в кальмара" сериалынан алынған кадр

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова танымал оңтүстіккореялық "Игра в кальмара" сериалының қазақстандық оқушыларға әсері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова танымал оңтүстіккореялық "Игра в кальмара" сериалының қазақстандық оқушыларға әсері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Netflix-тің "Игра в кальмара" сериалы балалар арасында танымалдыққа ие болуы алаңдаушылық тудырады. Бұл сериал бала психикасы үшін қауіпті емес пе"- деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Каримова сериалдың қазақстандық емес екенін және оны 18 жастан асқандар ғана көруге болатынын түсіндірді.

"Ол сериал ересектерге көруге арналған. Ата-аналар осы дерекке назар аударуы керек. Ата-аналар мен мұғалімдер түрлі тәрбиелік іс-шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Әрине, бала психикасының қалыптасу барысына үйде ата-ана, мектепте мұғалім бақылауы керек", - деп жауап берді Каринова.

Сондай-ақ, ол осы жылдан бастап мектептерде "жаһандық құзыреттер" таңдау курсы енгізілгенін айтты.

"Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытуға, ақпаратты дұрыс таңдауға бағытталған. Сонымен бірге, білім беру функциялары аясында мектептер де осы фильмнің шектеулеріне назар аудару керек екенін есте ұстауы керек", - деп толықтырды вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети