23 маусым 2017 15:31

БҒМ-ның тестілеу орталығы ҰБТ тестілерінің суреттері үшін жауапкершілік барын ескертеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы мектеп түлектерін ҰБТ кітапшаларының мазмұны әлеуметтік желіде жарияланғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов еске салды. 


ҚР БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы мектеп түлектерін ҰБТ кітапшаларының мазмұны әлеуметтік желіде жарияланғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов еске салды. 

"Осы ақпаратты бітірушілер мен олардың ата-аналарына жеткізгіміз келеді: ҰБТ кітапшаларының мазмұнын виедо және фото суреттерін жариялау үшін жаза қолданылады, соның ішінде тест қорытындысын жоққа шығару да болады. Кей балалр тест тапсырдық болды деп ойлайды. Интернетке жүктей бастайды. "ВКонтакте" желісінде парақша ашып, тест тапсырмаларын сонда орналастыра бастайды. Мұндайды істеуге болмайды", - дейді Әлімқұлов. 

"Мұның кері жағы да бар. Алаяқтар суреттерді жинап, сенгіш бітірушілерге сатады. Сұрақтар жыл сайын ауысатынын біліп жүрген жөн болар", - дейді ортылық директоры. 

Әлімқұловтың сөзінше, ҰБТ басталған екі күннен бері аудиторияға алып кіруге болмайтын 20 мыңдай зат тәркіленген. 

"Бұл жыл сайынғы мәселе. Бес дерек бойынша ұялы телефон пайдаланғаны үшін тест қорытындылары жоққа шығарылды. Олар суретке түсірсе де ешкімге жолдай алмайды, өйткені, желі сигналын сөндіретін құрылғылар бар. Онлайн-трансляция ҰБТ кезінде тәртіп бұзушылықтар санын айтарлықтай азайтты", - дейді ол.  

Желіде ҰБТ-ның жауап парақшаларының суреттері де тарап жатқанын айта кетейік. 

"ҰБТ-ның тест парақшалары - онда құнды ақпарат жоқ. Онда сұрақтар да, кодтар да болмайды. Мұның еш қаупі жоқ. Бірақ осы суреттер арқылы ұялы телефонды ішке алып кіргені белгілі болады. Мұндай деректерді де қарауға аламыз", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети