27 қараша 2019 11:06

Билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Былтыр сәуір айында компанияда "нөлдік" төзімділік принципі енгізілген болатын. Яғни билетсіз жолаушы және заңды түрде рәсімделмеген жүк тасымалдағаны үшін қызметкерлерге қатаң шара қолданылады. Осы мерзім арасында осындай заң бұзушылыққа жол берген 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, 145 қызметкер қатаң сөгіс алды.

"Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша сервисті жақсарту мақсатында шаралар қабылдайтынын жеткізеді. Ал жолаушылардан өз сапарларын алдын-ала жоспарлап, билеттерді тек темір жол кассалары немесе онлайн-сату арқылы алуын сұрайды. Заңсыз сату немесе поездарда билетсіз жол жүру фактілері болған жағдайда азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының блогына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети