29 шілде 2014 15:08

Биыл 300 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Биыл елімізде 300 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментіне сілтеме жасап.


Биыл елімізде 300 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментіне сілтеме жасап.

"2014-2015 оқу жылының басында бірінші сыныпқа баратын оқушылардың болжанып отырған контингенті 277 575 баланы құрайды", - деп хабарлады департамент мамандары.

Еске салайық, былтыр елімізде 260 бала мектепке тұңғыш рет барған еді. Департаменттің мәліметінше, республикада барлығы 7649 мектеп бар, оның 7307-і - жалпы білім беретін күндізгі мектеп. Мектептердің үштен екісі - 3796 мектеп қазақ тілінде, 1349-ы орыс тілінде оқытады. Министрлік мамандарының мәліметінше, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде елімізде 68 жаңа мектеп ашылады. Шығыс Қазақстан облысында 18, Оңтүстік Қазақстан облысында 17, Астана қаласы мен Қызылорда облысында алты, Атырау облысында тоғыз мектеп пайдалануға беріледі.

Ведомство өкілдері мектеп формасына қатысты ахуалды түсіндірді. "Білім туралы" заңға сәйкес, оқушылар білім мекемесі бекіткен мектеп формасын сақтауға міндетті. Министрліктің мониторингіне қарағанда, 2012-2013 оқу жылында мектеп формасын 4,5 мың мектептегі 1,6 млн-нан астам оқушы (61%) киген. Өткен оқу жылында бұл көрсеткіш 72% болды, яғни 5,4 мың мектептегі 1,8 млн оқушы. Киімнің саны мен үлгісіне қарай мектеп формасының орташа құны - 4,5 мыңнан 13,5 мың теңгеге дейінгі аралықта. 

Мамандардың айтуынша, мектеп формасын енгізу білім мекемесінің құзырында және ол мекеменің жарғысында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Мектеп формасын енгізу туралы шешімді мектеп кеңесі мен ата-аналар және қамқоршылар кеңесі жалпымектептік ата-аналар жиналысында көпшілік дауыс бойынша қабылдайды. Әрбір мектеп киім үлгісін өз бетімен таңдайды. Аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары мектеп формасымен жалпыға міндетті оқу қоры қаражаты мен демеушілік қолдау есебінен қамтылуы тиіс. Министрлік мамандарының айтуынша, бірнеше жыл бойы жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне қарағанда, ата-аналардың 80%-ы мектеп формасын енгізуді қолдайды.

2015 жылы "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ата-аналардың ықпал етуін бағалау" атты зерттеу жүргізілгелі отыр, оның бір бөлімі бірыңғай мектеп формасын енгізу мәселесіне арналады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети