08 тамыз 2022 17:16

Биыл Ақтөбеде көпқабатты үйлердің 40-тан аса ауласы жөнделеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы 200-ші үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы 200-ші үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мердігер ұйымының өкілдері ауланы жөндеу жұмыстарын тұрғындардың тілегін ескере отырып, жүргізіліп жатқанына сендірді. Мәселен, жаяу жүргіншілер жолы мен автотұрақ алаңдарын қосымша ретке келтіру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда мердігер ұйымы барлығы алты аулаға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталады деп күтіледі.

"Қазір ескі жиек тастарды алып тастап, аулаға жаңаларын қойып жатырмыз. Барлық жұмыстарды тұрғындардың тілектерін ескере отырып жүргіземіз. Тұрғындардың әр түрлі тілектері мен ұсыныстарын ескеріп жатырмыз. Тротуар, автотұрақ жасалады. Толығымен асфальттаймыз. Жалпы, қала бойынша біздің компания 6 ауланы жөндеп жатыр", - деді мердігер ұйымның өкілі Бекет Ділман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети