15 маусым 2019 15:18

Биыл әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат 379 миллиард теңгеге өсті - Бердібек Сапарбаев есеп берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар - бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.

"Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған әділ әлеуметтік саясат жалғасатын болады", - деді Сапарбаев

Министр Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шараларының іске асуы ведомство жұмысындағы бірінші және ең маңызды басымдық екенін атап өтті.

"Енгізілген түзетулер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап  273 мың отбасыға орташа мөлшері 105 мың теңге болатын жалпы сомасы 55 миллиард теңге АӘК төленді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмектің 11 түрін қамтитын бірыңғай қызметтер пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін өңірлерде жеке бастамалар есебінен әлеуметтік жобалар, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау жөніндегі жобалар іске асырылып жатыр.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жақсартуға, сондай-ақ осы саланы цифрландыруға аса маңызды мән беріледі.

"2018 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға республикалық бюджеттен 296,5 млрд.теңге көзделген. Ағымдағы жылдың 28 мамырында 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспар қабылданды. Бұл жоспарға әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т. б. шаралар кешені кіреді", - делінген хабарламада.

Баяндама барысында халықтың табысын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері атап өтілді.

"Тұңғыш Президенттің қазан айындағы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге, яғни, 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге дейін, ал 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін арттырылды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда арттырылған жалақы алады" - деп атап өтті министр.

2018 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды. "Еңбек" бағдарламасы бойынша барлығы 497 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның 379 мыңы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

2019 жылы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жалғасатын болады. Бүгінде Еңбек министрлігінің 38 мемлекеттік қызметінің 13-і электрондық форматта көрсетіліп отыр. Жыл соңына дейін тағы 22 мемлекеттік қызмет электрондық және проактивті форматта қолжетімді болады.

Жалпы алғанда, мемлекет бюджеттен төленетін әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың 39 түріне кепілдік береді. Мәселен, 2018 жылы 3,8 миллион адам (халықтың 20,9 пайызы) жалпы сомасы 2,5 триллион теңгені құрайтын жәрдемақы алған болса, 800 мың адамға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен бөлінетін 190 миллиард теңге төленді.

2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаражат көлемі 379 миллиард теңгеге өсіп, 2,9 триллион теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 27 пайызына тең.

Баяндаманы талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері көтерген бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарға толыққанды жауап берілді. Кездесу қортындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері ведомствоның өткен жылғы жұмысына оң баға беріп, Министрліктің бастамаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, реформалар мен өзгерістерді насихаттауға белсенді түрде қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети