Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Биыл Алматыда екі жолайрық құрылысын аяқтаймыз - Сағынтаев 20 қаңтар 2022, 12:44

Бақытжан Сағынтаев Алматыда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Бақытжан Сағынтаев Алматыда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мегаполис әкімінің айтуынша, 2022 жылы алматылықтар екі жаңа жолайрықпен жүретін болады. Қазіргі уақытта олардың құрылысы жалғасып жатыр.

"Биылғы жылы Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысындағы жолайрық жұмыстары аяқталады. Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында қозғалыс ашылады. Әуезов көшесін тесу жұмыстары аяқталады, Сайн көшесін ұзарту жалғасады, сонымен қатар Төле би көшесін ұзарту жұмыстары басталады. 100 шақырым жаңа жол салынады. Орташа жөндеу жұмыстары 224 көшеде, соның ішінде Әл-Фараби, Розыбакиев көшелерінде жүргізіледі", - деді ол.

Сағынтаев өткен жылы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайрықтар салынып, Абай мен Алатау даңғылдары ұзартылғанын еске салды. Сонымен қатар, Таусамалы шағын ауданындағы Қонаев көшесінің құрылысы аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram