Биыл Қазақстанда менингиттен қанша адам қайтыс болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Қазақстанда менингиттен қанша адам қайтыс болды? © smi44.ru

Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"12 адам қайтыс болды. Осы дертке шалдыққан 14 жасқа дейін 18 бала тіркелді. Қайтыс болған бес баланың жасы 4-ке де толмаған", - деді министр брифинг барысында.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, 2013 жылы бактериалды менингитті жұқтырған 117 жағдай тіркелген, 2014 жылы - 119, ал 2015 жылы - 424 жағдай, 2016 жылы - 120, 2017 жылы - 162 жағдай тіркелген.

"2013 жылы осы инфекциядан 18 адам қайтыс болды, 2014 жылы - 15 адам, 2015 жылы - 21, 2016 жылы 7 адам, ал былтыр 11 адам қайтыс болды. Бұл өте қауіпті дерт. (...), - деді министр.

Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети