12 қаңтар 2017 13:16

Биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі уақытында кіру ақылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lentka.com © lentka.com

Биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі кезінде кіру ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі кезінде кіру ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылдың 21 мамырынан бастап қарбалас сәтте қалаға кіру ақылы болады. Сондай-ақ, жол картасының жоспарына сәйкес, сағат 7.00-ден 10.00-ге дейін мына алты бағыт бойынша: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қосшы және Қорғалжын ақылы болатыны хабарланып отыр.

"Барлық көлік түрінің иелері көлік кептелісі болатын уақытта төлем жасауы қажет. Олар төлемді sms-хабарлама, терминал арқылы, онлайн-төлем немесе автомобиль жолдары басқармасының қызмет көрсету пункттерінде жасай алады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанаға көлікпен кіру ақылы болуы мүмкін екені айтылған болатын. "Біздің міндетіміз жобаның жұмыс істеу қабілеттілігін және оны одан әрі жүзеге асыру үшін қажетті барлық техникалық көрсеткіштерді анықтау болып табылады. Ақылы тұрақ - ақша өндіріп алу құралы емес, бұл көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтудың бір құралы", - деген еді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети