31 мамыр 2016 10:51

Енді Астанаға көлікпен кіру ақылы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада Қоғамдық кеңес отырысында ақылы тұрақтарды енгізу мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. 


Астанада Қоғамдық кеңес отырысында ақылы тұрақтарды енгізу мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші кезең аясында сол жағалауда көлікке арналған 910 орын қамтылады, бастапқыда жоба тест режимінде жұмыс істейді екен. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов айтты. "Әрине, жоба кезең-кезеңмен енгізіледі. Бірінші кезеңде сол жағалауда көлік қоятын 910 орын қамтылады. Біздің міндетіміз жобаның жұмыс істеу қабілеттілігін және оны одан әрі жүзеге асыру үшін қажетті барлық техникалық көрсеткіштерді анықтау болып табылады. Ақылы тұрақ - ақша өндіріп алу құралы емес, бұл көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтудың бір құралы, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ақылы тұрақты пайдаланғаны үшін базалық тарифті бекіту туралы қаулы әзірленіп жатыр. Есептеулер бойынша ол 182 теңгені құрауы тиіс, бірақ әлеуметтік маңыздылығын ескере келе, сағатына 150 теңгеден белгілеу ұсынылып отыр. Мүгедектігі бар адамдар тұрақты тегін пайдаланады.

Отырыс барысында төлемнің тек күндізгі уақытта ғана алынатыны айтылды, ал жобаның екінші кезеңінде ақылы тұрақтардың жанында орналасқан үйлердің тұрғындарына резиденттік рұқсаттар беру қарастырылады. Олар өз көліктерін тегін қоя алатын болады.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырысы барысында елордаға кіруді ақылы ету мүмкіндігі мәселесі қаралды. "Бүгінгі таңда қалада тәулігіне 400 мыңға жуық көлік тіркеледі, сондай-ақ, елордаға алты бағыттан тәулігіне 74 мыңға жуық көлік келеді, бұл көлік қою жағдайларын қиындатып, көлік кептелістерін және т.б. жағдайларды тудырады. Трафикті ең тиімді шектеудің жолдарының бірі қала кіруді ақылы ету болып табылады. Біз қала аумағында көшелердің белгілі бір учаскелерін ақылы қылуды ұсынамыз", - деді Сүлейменов.

Нақты қай учаскелердің ақылы болатыны әзірше белгісіз. Қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселеге қатысты көп ескерту жасап, сөгіс айтты. Осыған байланысты ақылы тұрақтар жобасы бойынша Қосымша құжаттар, түсіндірмелер, сызбалар сұратып, мәселені Қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды. Қалаға кіруді ақылы ету бойынша ешқандай қорытынды шығарылған жоқ. Сүлейменов сондай-ақ, Астанадағы жолаушылар көлігінің жұмысы туралы ақпаратты таныстырды. "Қазіргі кезде 86 қалалық маршруттың 64-і шығынды болып келеді, 90 теңгелік тариф 2014 жылы енгізілген, сәйкесінше, екі жылда экономикалық жағдай өзгерді. Сондықтан тарифті көтермеу үшін субсидиялау керек", - деді ол.

Қоғамдық кеңес мүшелері субсидиялауды қолдады. Алдағы екі жылда қоғамдық көлікпен жүру тарифін бұрынғы деңгейде - 90 теңге мөлшерінде қалдыру жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети