Биыл түлектерге аттестат тапсыру салтанаты қалай өтеді?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл түлектерге аттестат тапсыру салтанаты қалай өтеді? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру дәстүрлі офлайн-форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Каринова оқу жылының соңында соңғы қоңырау мен жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру дәстүрлі түрде өткізілетінін айтты.

"Бұл екі іс-шара да дәстүрлі түрде, өткен жылдардағыдай белгіленген мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз бетінше өткізеді. Аттестат тапсыру - бұл балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл іс-шара да өтеді", - деді ол.

Оның айтуынша, ведомство қазіргі уақытта іс-шараларды өткізу форматы бойынша ұсыныстар дайындап жатыр.

"Оқу жылының аяқталуына әлі бір жарым ай бар. Біз ұсыныстарды дайындап әріптестеріміз бен БАҚ өкілдеріне жариялаймыз. Бұл жыл сайын өткізілетін іс-шара. Әрине, өткен жылдары коронавирусқа байланысты шектеу шаралары болды. Сондықтан іс-шараларды өткізе алмадық, ал биыл аттестат тапсыру білім беру ұйымдарының қабырғасында салтанатты түрде өтеді", - деп толықтырды Шолпан Каринова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +34
Ақтау +31
Ақтөбе +32
Атырау +34
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +34
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +34
П
Павлодар +27
Петропавл +33
С
Семей +37
Т
Талдықорған +38
Тараз +41
Түркістан +29
О
Орал +33
Ө
Өскемен +40
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер