Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлары сайлау арқылы тағайындалады

22 Шілде 2016, 12:20
0
Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлары сайлау арқылы тағайындалады -

Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлар сайлау арқылы тағайындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ал бұрын жоғарғы оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрінің жеке шешімімен тағайындалатын.

Бұл шешімді министрліктің айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жасап отырғаны айтылады. 

Ашық конкурс негізіндегі іріктеуді ғалымдардан сондай-ақ бизнес, жергілікті атқару органдары және қоғам өкілдерінен құралған университеттің Қадағалау кеңесі өткізеді.

Ректор лауазымына үміткерлер іріктеудің негізгі критерийлеріне толықтай сай келіп, университеттің даму бағдарламасын ұсынулары тиіс. Үміткер мақұлданған жағдайда, Қадағалау кеңесі өз шешімін Републикалық конкурстық комиссияға жолдайды. Қадағалау кеңесі қолдаған кандидаттар саны үш адамнан кем болмауы керек. Алғашқы іріктеуден кейін үміткерлер ҚР Премьер-министрінің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарының жетекшілігіндегі Республикалық комиссияда сұхбаттасудан өткізіліп, алқалы негізде соңғы шешім қабылданады.     

"Мемлекеттік ЖОО ректорларын сайлау ең алдымен лауазымға тағайындалудың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, конкурстық іріктеу нәтижесінде ең жақсы деп табылған ЖОО-ның даму бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік береді. ЖОО-ның Қадағалау кеңестерінің тізімдері қалыптастырылғандықтан, олар университеттердің сайттарында ашық жариялануы тиіс. Мемлекеттік ЖОО ректорлары лауазымдарына үміткерлерді іріктеу таяу кезеңде басталады", - делінген хабарламада.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай