24 ақпан 2021 13:56

БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады. Қор мәліметінше, ай сайынғы ең жоғарғы төлем - 522 610 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады. Қор мәліметінше, ай сайынғы ең жоғарғы төлем - 522 610 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 167 423 адамға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан аса зейнетақы төлемі, біржолғы зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударым жүзеге асты, оның ішінде:

  • біржолғы зейнетақы төлемдері - 49,6 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 9,1 миллиард теңге;
  • зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер - 6,5 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,9 миллиард теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер - 2,1 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер - 0,4 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер - 0,2 миллиард теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети