10 қыркүйек 2023 20:14

БҚО әкімі өнегелі әулетті құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев отбасы күніне орай көпбалалы, үлгілі, өнегелі отбасы Серікбаевтар әулетін құттықтап барды. Ырыс - ынтымағы мен береке - бірлігі жарасым тапқан отбасының мәуелі бәйтерегі Серікбай аға мен Шәрбану апа алты бала, 20-дан астам немере, 15 шөбере сүйіп отыр.


Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев отбасы күніне орай көпбалалы, үлгілі, өнегелі отбасы Серікбаевтар әулетін құттықтап барды. Ырыс - ынтымағы мен береке - бірлігі жарасым тапқан отбасының мәуелі бәйтерегі Серікбай аға мен Шәрбану апа алты бала, 20-дан астам немере, 15 шөбере сүйіп отыр.

Облыс әкімі елімізде отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында бұл күннің маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Елімізде отбасы күні мерекесі 10 жылдан бері дәстүрлі түрде тойланып келеді. Мемлекет басшысы қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтуға және өскелең ұрпақты салт-дәстүр негізінде тәрбиелеуге үлкен көңіл бөліп отырғаны бәріңізге белгілі. Қоғамның тұрақты дамуының негізі ретінде отбасылық құндылықтарды сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан біз бүгін немере шөбере сүйіп, өнерлі, білімді ұрпақ өсіріп отырған үлкен әулетке арнайы келдік", – деді облыс әкімі өз құттықтауында.

Мереке қарсаңында келген қонақтарын қарсы алған әулеттің үлкендері сөз алып, отбасы мүшелері туралы әңғімелеп берді. Дәл бүгін іргелі шаңырақтың егіздері Данияр мен Мадияр 13 жасқа толып жатыр екен. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толу – алғашқы мүшеліне ерекше мән берген. Жас өрендерді алғашқы мүшел жасымен құттықтан облыс басшысы оларға шығармашылық табыс тілеп, естелік сыйлықтар табыстады.

Тамырын тереңге жайған әулеттің отағасы Серікбай Жапақов көп балалы, шығармашылық отбасында дүниеге келген. 60 жылдан астам Қазталов облыстық халық аспаптар оркестрінің құрамында қызмет істеген. Жоғары білім алғаннан кейін ұстаздық қызметпен айналысып, шәкірт тәрбиелеген. Әулеттің отанасы Шәрбану Сапарғалиева мамандығы бойынша ұстаз. Көп жылдар әжелер ансамблінде өнер көрсеткен. Ауылдағы жиын-той, ауқымды шаралар Серікбаевтар отбасынсыз өтпейтін. Өнерлі отбасында өскен ұлдардың бірі Аслан домбыра жасауға әуес болып өседі. Оның домбырасы бүгіндері еліміздің түкпір түкпіріне тарап кетті. Ал өнегелі отбасының егіз немересі Данияр мен Мадияр Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясында 7 сыныпта оқиды. Өнерпаз ұлдар облыстық, республикалық түрлі байқауларға қатысып мектеп мерейін асырып, әулетін қуантып жүр.

Ел-жұртқа үлгі болған әулет мүшелерімен емен жарқын жүздескен өңір басшысы барша батыс қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтап, отбасы бүтіндігі мен амандығын тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал БҚО әкімдігімен ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети