26 қараша 2020 14:19

БҚО-да 19 жастағы қыз нәрестесін әжетханаға тастап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны дүниеге бала әкеліп, оны әжетханаға тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны дүниеге бала әкеліп, оны әжетханаға тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 23 қарашада Казталов ауданы Жаңажол ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел баласын туып, оны пакетке орап, дәретханаға тастай салған. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері қыздың үйде тірі бала босанғанын хабарлады.

"Медициналық сарапшылардың қорытындысы бойынша, нәресте гипотермиядан қайтыс болған. Қыздың өзі қазір ауруханада, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз колледж студенті. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл деректі растады және іс бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Еске салайық, 2018 жылдың тамызында Қостанай облысының тұрғыны Затобол ауруханасының дәретханасында босанып, сәбиін шелекке лақтырған. Дәрігерлердің қырағылығының арқасында сәби аман қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети