БҚО-да аулада дәрет сындырған полицей жұмыстан қуылды

03 Ақпан 2017, 14:55
0
БҚО-да аулада дәрет сындырған полицей жұмыстан қуылды -

Ақсайда балабақшаның маңында дәрет сындырған полицейді жұмыстан босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі айтуынша, Ақсай полициясының осы қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін, ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексін бұзғаны үшін Бөрлі ауданының ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкері құқық қорғау органдарынан ҚР "Құқық қорғау қызметі" заңына сәйкес қызметінен босатылды. Тәрбие жұмыстарын жүргізбегені үшін Бөрлі аудандық ІІД және Батыс Қазақстан облысының жергілікті полиция қызметінің басшысы қатаң тәртіптік жауапкершікке тартылды

Еске салайық, видео 1 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында түсірілген. Видео авторының айтуынша, мас полицей Ақсай қаласының 5-ші ықшамауданының ауласында, балабақшаға жақын жерде дәрет сындырған. Ақсай қаласында аулалардың бірінде дәрет сындырған полицейдің аты-жөні мен шені айтылған жоқ. 

 Позже в Сети появился второй ролик с участием полицейского. На кадрах видно, как сотрудник лежит на земле возле припаркованного мини-автобуса. Автор видео призывает полицейского подняться и не перекрывать проезжую часть. Однако его просьба, судя по видео, не была удовлетворена.

желіде полицейдің тағы бір видеосы жарияланды. Онда полицейдің киімін киген ер адам тұрақта тұрған мини-автобустың маңында жатыр. Видеоның авторы оған орнынан тұрып, өзіне жол беруді сұрайды. Алайда оның сұранысы іске аспады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай