30 тамыз 2023 08:59

БҚО-да әйел қонаққа бара жатқанда 3 жасар қызынан көз жазып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polisia.kz Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалып кеткен 3 жасар қызды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалып кеткен 3 жасар қызды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 тамыз күні сағат 22:00 кезінде Жәнібек аудандық полиция бөліміне Жәнібек ауылының 32 жастағы тұрғыны хабарласып, 3 жасар Айару есімді қызының жоғалып кеткені туралы айтқан.

Ауыл тұрғыны Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылына қонаққа бара жатып, жолшыбай мінген автокөліктен қызы екеуі түсіп қалған. Қараңғы түскен уақытта әйел қызымен келе жатып, кенет қызынан көз жазып қалған. Бойын үрей билеп, бірден жан-жағынан іздеп қарай бастаған, бірақ нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздеу іс-шарасына 200-ден астам полиция қызметкері қатысып, соның ішінде шекара, төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік және жергілікті ауыл тұрғындары, барлық аудан қызметтері ат салысқан.

Іздеу салынған Айару таңғы 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен табылған. Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети