25 шілде 2018 12:22

БҚО-да жауыннан кейін аудан орталығын су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да нормадан тыс түскен жауыннан кейін Переметный аудан орталығын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 20-дан аса үй зардап шекті, аудан билігі келтірілген залал мөлшерін есептеп жатыр. 


БҚО-да нормадан тыс түскен жауыннан кейін Переметный аудан орталығын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 20-дан аса үй зардап шекті, аудан билігі келтірілген залал мөлшерін есептеп жатыр. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жаңбыр тоқтаусыз тоғыз сағат бойы жауған. Су деңгейі жарты метрге дейін көтеріліп, Гагарин көшесіндегі 20-дан аса үйді су басқан. 

"Үйдің барлық бөлмесін су басты. Мұндай құбылыс бұрын соңды болмаған. Барлығы суға кетті. Қазір едендер ісініп жатыр, қабырғаның сылағы құлап жатыр", - дейді ауыл тұрғыны Мария Есенова.  

Адамдардың ойынша барлығына кінәлі жер асты арналар жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі. 

"Жаңбыр әрдайым жауып тұрады. Бірақ мұндай болған емес. Жақын маңда ғимарат салды, алайда оның үйлерден биік тұрғанын ескермеген. Судың барлығы біздің көшеге ағады", - дейді ауыл тұрғыны Алексей Соболев. 

Ауылдық округтың әкімдігіндегілер тұрғындарға көмек ретінде басқа ауылдардан арнайы техника тартылғанын айтады. Барлығы жабылып жүріп суды сорған. Арнайы комиссия құрылып, материалдық шығын мөлшерін есептейтін болады. 

"Зардап шеккендерге көмектесеміз. Бұған жергілікті кәсіпкерлерді тартамыз", - деді ауылдық округтың әкім қызметін атқарушы Бекзат Бадаханов. 

Синоптиктер мәліметінше, тоғыз сағат ішінде өңірде айлық норманың 110 пайыз жауын жауған. Соңғы рет мұндай жауын 2005 жылы, яғни 13 жыл бұрын болған екен. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети