20 қазан 2020 14:47

БҚО-да мемқызметкерлер жалақының төмендігінен жұмыстан кетіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер жалақынының төмен болуына байланысты жұмыстан кетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер жалақынының төмен болуына байланысты жұмыстан кетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметкерлердің 73 пайызы жалақының төмен болуынан жұмыстан кеткен.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаеваның айтуынша, өңірдегі 435 мемлекеттік мекемеде 3 930 қызметкер жұмыс істейді.

"Есепті кезеңде жалпы ауысымдылық 767 адам немесе мемлекеттік қызметшілердің штат санының 18,1 пайызы болды, ал мемлекеттік қызметкерлердің таза ауысымдылығы 226 адам немесе штат санының 5,3 пайызы болды. Жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша қызметкерлердің 73,1 пайызы жалақының төмен болуына байланысты жұмыстан кетті", - дейді ол.

Департамент басшысы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенін атап өтті. Жаңа жүйе бойынша жалақы әр қызметкердің функционалды міндеттеріне байланысты беріледі дейді.

"Факторлық-балдық шкала енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 1,5-2 есе артады. БҚО әкімдігінде келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай жүйені енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Әрине, жалақының төмен болуы сауатты және білікті мамандардың мемлекеттік қызметтен кетуіне себеп болып жатыр", - дейді Тұрсынбаева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети