02 ақпан 2017 15:26

БҚО-да тұрғындар аулада дәрет сындырып тұрған полицейді видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

"Уральская неделя" басылымына оқырмандар полиция қызметкерінің киімін киген ер адамның көппәтерлі үйдің ауласында дәрет сындырып тұрған видеосын жіберген. Видеода полиция қызметкерінің мас күйде жүргенін байқауға болады. Видеоның авторы полиция қызметкерінің бетін үлкен қылып түсіріп алған. 

Видео 1 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында түсірілген. Видео авторының айтуынша, мас полицей Ақсай қаласының 5-ші ықшамауданының ауласында, балабақшаға жақын жерде дәрет сындырған. 

"Менің ойымша Ақсай қаласының полиция басшылығына өз қызметкерлерінің қалай жүргені қызық болар, құқық қорғау органында жүріп осындай әрекеттерге барғаны ұят!", - деп жазған роликтің авторы видеоның астына.

БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі айтуынша, Ақсай полициясының осы қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, қорытындысы жақын күндері жарияланатын болады. Ақсай қаласында аулалардың бірінде дәрет сындырған полицейдің аты-жөні мен шені айтылған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети