25 қараша 2022 09:30

БҚО "Қыс-2022" командалық штабтық оқу-жаттығулары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін облыс аумағында республикалық "Қыс - 2022" командалық штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Оқу-жаттығу қаламыздағы Петр Атоян атындағы стадионында облыстың азаматтық қорғау қызметтері, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, жедел ден қою жиынтық жасақтарының сап түзеуінен басталды.


Бүгін облыс аумағында республикалық "Қыс - 2022" командалық штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Оқу-жаттығу қаламыздағы Петр Атоян атындағы стадионында облыстың азаматтық қорғау қызметтері, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, жедел ден қою жиынтық жасақтарының сап түзеуінен басталды.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Утегенов оқу-жаттығуға арнайы келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке облыстың қорғаныс саласы, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері, жедел ден қою жасақтарының қысқы мерзімге дайындығы, сонымен қатар олардың құралдармен, жабдықтармен, техникамен жабдықталуы туралы баяндап берді.

"Бүгін елімізде, облысымызда республикалық "Қыс - 2022" командалық штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Екі күн барысында облысымыздағы техниканың қыз мезгіліне дайындығы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің су, газ, жылу, және электрмен қамту объектілерінің дайындық жағдайын қараудамыз. Қазір осы жерде техника құрамының дайындығын тексердік. Атап айтар болсақ, төтенше жағдайлар департаментінің техника құрамы толықтырылды. Биыл облыстық бюджеттен 15 бірлік өрт сөндіру техникасы сатып алынды. Бұдан басқа қайық, автокөлік және тағы басқа техника алынды. Биыл желтоқсан айында республикалық бюджеттен сатып алынған 5 өрт сөндіру техникасы және басқа да арнайы техника келеді. Былтырдан бері облыс көлемінде сумен, электр желісімен қамтитын тіршілік объектілерін техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Былтыр төтенше жағдайлар саласы бойынша 16 бірлік техника берілді. Екі күн ішінде облысымызда 54 іс-шара өтеді, оның 28 практикалық іс-шаралар. Басты мақсат – осыған дейін төтенше жағдайлар орын алған жерлерде дайындық деңгейін тексеру. Мысалы, Тасқала ауданында жыл сайын қардың көп кептелуі және техниканың қалуы болғандықтан, сол себептен оқу-жаттығулар Тасқала ауданында да жоспарланған", - деп атап өтті БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

Оқу-жаттығудың мақсаты өңірімізде қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексеру және анықтау.

Жоспарға сәйкес азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесін "күнделікті қызмет" режимінен "жоғары дайындық" және "төтенше жағдай" режимдеріне көшіру мәселелері пысықталды. Бүгін бірінші "Дабыл-1001" сигналының түсуіне байланысты, облыстық шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді. Тексеурге 32 бірлік техника және 143 адам сапқа тұрғызылды.

Екі күн ішінде тіршілік қамтамасыз ету нысандары мен жол қызметтерінің дайындығын тексеру мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінің түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға тәжірибеде әрекет етулері пысықталады.

Республикалық "Қыс-2022" командалық штабтық оқу-жаттығулары 24-25 қараша күндері облыс аумағында, ал практикалық шаралары қала және облыс аумағындағы бірнеше нысанда, атап айтсақ П. Атоян атындағы стадион, "ЖайықЖылуҚуат" АҚ, "Батыс су арнасы" ЖШС және Тасқала ауданындағы нысандарда өтіп жатыр. Жаттығудың республикалық штабы Қостанай қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша азаматтық қорғаудың олбыстық жүйесінің қысқы кезеңге дайындығына тиісті баға берілетін болады.

Анықтама:

Жаттығу барысында 54 кіріспе пысықталып, оның ішінде 28 кіріспе тәжірибе жүзінде іске асырылады.

Облыс бойынша қысқы мерзімдегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күш-құралдардың саны 2031 адам, 671 бірлік техниканы, оның ішінде БҚО ТЖД -дан 278 адам, 102 бірлік техниканы құрайды.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің өтімділігі жоғары 92 бірлік техникасы қысқы кезеңде пайдалану үшін дайындалып, автомобиль жолдарының қар басу қаупі жоғары бөліктеріне бекітілген.

Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети