БҚО Қытаймен бірлесіп экологиялық және фармацевтикалық жобаларды іске асырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО Қытаймен бірлесіп экологиялық және фармацевтикалық жобаларды іске асырады Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлармен де тығыз байланыста жұмыс істеу керек" деген тапсырмасына сәйкес, Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласында Батыс Қазақстан облысының "Ақжайық" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция және сауда өкілдігі ресми түрде ашылды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлармен де тығыз байланыста жұмыс істеу керек" деген тапсырмасына сәйкес, Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласында Батыс Қазақстан облысының "Ақжайық" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция және сауда өкілдігі ресми түрде ашылды.

Өкілдік Орталық Азия–Қытай ынтымақтастық орталығы ғимаратында орналасқан. Бұл - елімізде өңірлік деңгейде ашылған алғашқы шетелдік инвестициялық өкілдік болып табылады. Жаңа құрылым Ақжайық өңірі мен Қытай кәсіпкерлері арасында тікелей іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған ресми делегация қатысты.

Қытайлық компания өкілі шара барысында бастаманың маңыздылығын атап өтті:

"Бұл - екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық бастама. Инвесторлардың ақпаратқа қолжетімділігі артып, жобаларды жүзеге асыру мерзімі айтарлықтай қысқарады деп сенемін".

Кеңсенің ресми ашылуынан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев бірқатар қытайлық компания өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында Ақжайық өңірінің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, нақты жобалар бойынша келіссөздер өтті. Нәтижесінде, қытайлық тарап екі ірі өндіріс орнын салуға қызығушылық танытты: бірі - тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, екіншісі - киік мүйізінен дәрілік өнімдер шығаратын кәсіпорын.

"Батыс Қазақстан облысы мен Цзянсу провинциясының арасындағы серіктестік өзара сенім мен нақты іскерлік байланысқа негізделіп отыр. Біз барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Туындайтын кез келген мәселе менің жеке бақылауымда болады", - деді Нариман Төреғалиев.

Қытайлық инвесторлар Батыс Қазақстан облысының ұсынған жобаларына ерекше қызығушылық білдірді. Олар киіктің етін терең өңдеп, мүйізінен дәрі-дәрмек, етінен тағам, терісінен киім өндірісін жолға қоюға ниетті. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы қайта пайдалануға жарамды өнімдер шығаруды жоспарлап отыр.

Холдингтің вице-президенті Дин Хайдың айтуынша, алдағы уақытта екі жұмыс тобы Батыс Қазақстанға келіп, жобалардың жүзеге асырылу мүмкіндігін зерделейді.

"Бір топ - киік етін өңдеу саласын, екінші топ - тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бағытын зерттейді. Біз бұл іске ғылыми зерттеу институттарының мамандарын да тартамыз. Зауыттың көлемі мен қуаты жергілікті шикізат қоры мен өндірістік әлеуетке байланысты анықталады", - деді ол.

Сапар аясында қазақстандық делегация тағы бір қытайлық компанияға барып, энергетикалық кәсіпорынның заманауи технологияларымен танысты. Қытайлық тарап Орал қаласында жаңа жылу электр магистралін салу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Аталған кездесу Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Tengrinews
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Валюта бағамы

 522.77  course down  608.62  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети