БҚО республикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО республикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынға шықты Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана кейін республикада 3-орында тұр. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана кейін республикада 3-орында тұр. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел экономикасына инвестиция тарту – өңірлердің дамуы мен жаңа өндірістерді іске қосудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы мен экономикалық қуатын арттырудың басты тетігі ретінде инвестиция тартуға ерекше назар аударған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында да жүйелі әрі нақты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Облыс аумағында инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған.

Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы мен Чехия мемлекетінің ірі компанияларымен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында нақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар инвестициялық келісімшарттарға қол қойылуда. Бұл – өңірдің халықаралық деңгейде сенімді серіктес ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді.

Нәтижесінде, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1093 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада 3-орында тұр.

Жалпы алғанда, инвестиция тарту бағытындағы бұл жетістіктер өңір экономикасының өсімін қамтамасыз етіп, жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына зор серпін беріп отыр.

Tengrinews
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Валюта бағамы

 522.77  course down  608.62  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети