Білім және ғылым вице-министрі декреттік демалыста немен айналысқаны туралы айтып берді

09 Қазан 2018, 12:08
0
Білім және ғылым вице-министрі декреттік демалыста немен айналысқаны туралы айтып берді - Эльмира Суханбердиева
Эльмира Суханбердиева

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева демалыс кезінде немен айналысқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Калифорния штатындағы Беркли қаласында ғылыми тағылымдамада болдым. Мектепке дейінгі, орта білімді зерттедім. Иә, Facebook желісінде сұрақтар болды. Мен баланы тастап кете алмадым және оны өзіммен бірге алып бардым", - деді вице-министр.

Суханбердиеваның айтуынша, онда екі демалыс болған: декреттік және оқуға байланысты.

"Балам екі жаста еді. Өздеріңіз білетіндей, бала үш жасқа толғанша декретте болуға болады. Менде 1,5 жыл қалған еді, бала бағатын адам болмағандықтан баламен отыруыма тура келді. 1 маусымнан бастап декретке шықтым. Осы кезде құжаттарды дайындап, тіл үйрендім. Қазанда "Болашақ" бағдарламасымен оқуға кеттім. Заң бойынша анау да, анау да дұрыс. Декрет кезінде де адамның оқуға кетуіне болады", - деп пікір білдірді Эльмира Суханбердиева.

Эльмира Суханбердиева 2018 жылы 17 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 100-бабы 4-бөлігіне ("Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс") сәйкес өз қызметіне оралды

Ол өз орнына келген Талған Ешенқұловты алмастырды. Ешенқұловтың тағайындалуы жайлы ресми құжатта Суханбердиеваның балаға қарау үшін демалысқа шыққаны жазылған.

14 қыркүйекте Ешенқұлов білім және ғылым министрлігінің вице-министр қызметінен босатылып, білім және ғылым саласында бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді. 

Эльмира Суханбердиева "Болашақ" стипендиясының иегері тізімінде болған. Кейінірек Суханбердиева өзіне стипендияның қалай тағайындалғанын түсіндірген еді. 

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай