Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Білім министрлігі балалар лагеріне жолдаманың не себепті қымбат екенін түсіндірді

09 Маусым 2014, 17:41
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков

Балалардың демалыс лагерлеріне жолдаманың құны демалыс күндерінің санына қарай әр түрлі болады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап берген Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жөнтаева мәлім етті.

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері "демалыс лагерлеріндегі тамақтандыру сапасына әлден сын айтылып жатқанын алға тартты. Сондай-ақ, лагерлерге жолдама құны да сөз болмай қалмады. Мәселен, журналистер 40 мың теңгенің көлемінде де жолдама иемденуге болатынын алға тартты.

Бұған қатысты Жаңыл Жөнтаева жолдамалардың құны әртүрлі екенін айта келе, жолдамалар 7 мың теңгеден басталатынын құлаққағыс жасады.

"Жолдаманың құнына тамақтандыру және басқа қызмет түрлері енеді. Біз жолдаманың төлем құны ата-аналардың есебінен жүргізілетінін ескертеміз. Әрине, санитарлық қызметкерлер тамақтандыру сапасын тексеруге міндетті. Ал жолдаманың жалпы құнын Білім және ғылым министрлігі белгілей алмайды. Себебі әрбір жолдаманың құны демалыс күндерінің санына қарай есептеледі. Сондықтан оның құнын жергілікті жауапты орындар белгілейді. Әр аймақта жолдама құны әр түрлі, баға жеті мың теңгеден басталады. Он күндік, екі апталық және басқа да лагерьлер бар", - деді Жөнтаева.

Сондай-ақ оның айтуынша, еліміздің балаларына 74 халықаралық лагерьлерге демалуға мүмкіндік бар. "Егер жолдаманы ата-аналары сатып алса тілді тереңдетіп оқытатын мектептердің балалары және олимпиадаларға қатысып жүрген білімді балаларға Қытай, Англия, Америка елдеріне барып демалуға болады. Биыл "Артекке" шақырту болмады. Өткен жылы елімізден бес бала "Артекте" демалған болатын" деді ведмоства өкілі.

Биыл жалпы демалушы балалардың саны 1,6 млн-ға жетіп отыр. Олар үшін елде 11 069 демалыс орны жұмыс істейтін болады. 2739-ға тарта туристік іс-шара ұйымдастырылады. Халықаралық лагерьлерде үш мыңға жуық оқушылар демалады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай