04 маусым 2020 09:11

Блокбекеттегі қайғылы оқиға: қайтыс болған полицейдің әйелі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК телеарнасы © КТК телеарнасы

Алматыдағы блокбекетте қайтыс болған 26 жастағы полицей Дастан Әбдіқановтың анасы мен әйелі жол апатына кінәлі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалайды. Бұл туралы марқұмның туыстары КТК телеарнасына айтып берген. 


Алматыдағы блокбекетте қайтыс болған 26 жастағы полицей Дастан Әбдіқановтың анасы мен әйелі жол апатына кінәлі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалайды. Бұл туралы марқұмның туыстары КТК телеарнасына айтып берген. 

Полицейдің туыстары алғаш рет қайғылы оқиға болған түн туралы баяндап берген. Олардың сөзінше, марқұм мен күдіктінің арасында достық қарым-қатынас болмаған. Олар тек бір рет кезекшілікте бірге болған көрінеді. 

Күдікті сол күні блокбекет маңында не істеп жүргені белгісіз. Бүгінде марқұмның туыстары жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. 

Дастан Әбдіқановтың  әйелі сол күні жарын жұмысқа шығарып салуды үлгермененін айтады. 

"Мен күйеуіммен қоштасып та үлгермедім, себебі ол күні айт мерекесі болатын. Бізге қонақтар келіп, сосын біз солардың үйіне кеткенбіз. Мен оны шығарып салып та үлгермедім. Ол: "Жақсы, мен таңертең келемін, екеуіміз балаға жаялық алып, комбинезон сатып аламыз. Мен біраз ұйықтап алайын, сосын баланы массажға апарғаннан кейін қонаққа барып келейік, айт қой. Туысқандарға барып қайтамыз" деді. Осындай жоспарымыз болған", - дейді Динара Аман. 

Марқұмның туыстарының сөзінше, күдікті блокбекетте не істеп жүргені белгісіз. Ал полицейлердің болжамына сенбейтін көрінеді. 

"Ол ешкіммен жанжалдаспайтын, ұрсысқанды ұнатпайтын, ешкіммен сөзге келмеген. Не бболса да шындыққа көз жеткіземін", - дейді полицейдің жары. 

26 жастағы күдікті Азат Азаматов сол күні қайда кеткенін оның туыстары да білмейді. Күдіктінің анасы оның баласы рөлге мас күйінде отырғанына сенбейтінін айтады. 

"Ол ішпейтін де, темекі шекпейтін де. Сенбеймін. Мен ол қасақана өлтірді дегенге сенбеймін. Ешкім олай ойламайды", - дейді әйел адам телефон арқылы. 

Полицейдің туыстары шындықты анықтайтынын айтады. 

" Үш адамның отбасын ойрандап кетіп отыр. Үш отбасында қанша баланың болашағы қалды, қанша жар еңіреп қалды, қанша ана, қанша әке қан жұтып қалды. Оның өзі осы үш отбасының басына келген үлкен қайғы-қасірет. Ол адам жер басып жүрер, өмір сүрер, тамақ ішер, ұйықтар, бірақ мен ойлаймын, түптің-түбінде Алла жазасын береді", - дейді марқұмның анасы Жанатгүл Әбірова. 

Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат 5 жарымда 1992-ші жылы туған ер адам BMW маркалы көлігімен мас күйінде блокбекеттегі полиция көлігін соғып, оқиға орнында екі полиция қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.

Блокбекеттегі қайғылы оқиға: зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы белгілі болды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети