Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратурада оқуға қанша қаражат қажет екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратурада оқуға қанша қаражат қажет екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияның ресми сауалына берген жауабында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері 2016 жылы 1 стипендиаттың шетелдік оқу орындарда магистратура бағдарламасында оқуына келесідей ақша төлеуі тиіс екендігін хабарлады: Қытайда - 1 640 000 теңге, Ресейде - 1 642 000 теңге, Канадада - 5 716 000 теңге, Ұлыбританияда - 8 500 000 теңге, АҚШ-та - 16 471 000 теңге.
"Стипендиаттардың шетелдегі академиялық оқуына жұмсалатын шығыны ЖОО-ның рейтингіне, оқу мамандығына, оқу бағдарламасына және алатын дәрежеге (стипендиат оқып жатқан категориядан тәуелсіз) байланысты. Бүгінге дейін стипендиаттардың басым бөлігі, оның ішінде "Мемлекеттік қызметкер" категориясындағылар магистратура бағдарламасы бойынша дайындықтан өтеді", - деп түсіндірді ұйымдағылар.
Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, "Болашақ" халықаралық стипендиясын жүзеге асыру барысында бағдарлама бойынша 8 916 түлек оқыды, олардың ішінле 654-і конкурс іріктеуінен өтті және "Мемлекеттік қызметкер" категориясы бойынша оқыды.
"Мемлекеттік қызметкер" категориясы бойынша стипендиаттардың басым бөлігі Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында оқыды. Стипендиаттардың арасында мемлекеттік саясат, саясаттану, мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық және халықаралық қатынастар мамандықтарына сұраныс көп", - делінген жауапта.
Еске салайық, 1993 жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы "1993 жылғы 5 қарашада "Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" қаулыға қол қойған болатын. Таяуда бұл құжатты Ақорданың баспасөз қызметі желіде жариялаған еді.